Надежда Лушникованың жарқын бейнесі халықтың жадында мәңгіге қалады

12+
12+

2 дня назад

ПожаловатьсяНарушение авторских прав
12+
12+

2 дня назад

ПожаловатьсяНарушение авторских прав
12+
12+

2 дня назад

Қазақтың қара өлеңі мен суырыпсалма айтыс өнеріне ғұмырын арнаған белгілі ақын Надежда Лушникова 86 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қазақ топырағында өсіп өнген ол үшін қазақ тілі жай ғана қарым-қатынас құралы емес, жыр жазып, елмен тілдескен ана тілі еді. Ақын жазба поэзияда да өз қолтаңбасын қалдырып, белгілі ақындардың мұрасын жинақтауға еңбек сіңірді. Надежда Лушникованың шығармашылық жолы өткен ғасырдың 50-жылдарынан басталды. Алғашқы өлеңдері 1958 жылы Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газетінде жарияланған. Кейін алпысыншы жылдары айтыс өнері тұралап тұрған тұста осы өнердің бел ортасында жүрді. Өзге ұлт өкілі үшін қазақтың суырыпсалма өнеріне араласу оңай емес. Бірақ Надежда Андрейқызы мұны сөзбен емес, талантымен дәлелдеді.  Ақынның өнерге деген ықыласы мен өлеңге құштарлығы өмір бойы толастаған емес. Ол шығармашылықты тек сахнамен шектемей, жазба поэзияда да жемісті еңбек етті. «Елім менің», «Көңіл хошы» атты жыр жинақтары жарық көрді.  #хабар24 #казахстан #жаңалықтар #новости

Название:

Надежда Лушникованың жарқын бейнесі халықтың жадында мәңгіге қалады

Категория:

Разное